00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаллеки театрының 30 жылдық мерейтойына арналған футболдан турнир өтті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаллеки театрының 30 жылдық мерейтойына арналған футболдан турнир өтті

Елордалық театрлар арасында ұйымдастырылған шағын футбол турниріне «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазық музыкалық драма театры», «Жастар», «Астана Опера», «Әзірбайжан Мәмбетов театры», «Музыкалық жас көрермен театры», «Астана Мюзикл» сынды өнер ұйымдары қатысты. Халықтың қошеметіне бөленіп жүрген әртістер бұл турнирде де белсенділік танытып, ойынды жоғары деңгейде көрсете білді.

«Тәуелсіздікті аңсап өткен бабаларымыздың арман-мақсаты бізге аманат болып бүгінге жетті. Қан мен тердің, ерік пен жігердің арқасында жеткен Тәуелсіздігімізді қастерлеп сақтау – біздің басты мақсатымыз. Сонымен қатар, осы Тәуелсіздігімізбен түйдей құрдас ол біздің театрымыз. Қос қуаныштың құрметіне орай, елордадағы өнер ошақтарын жинап, шағын футболдан турнир ұйымдастырып жатырмыз» - деді театрдың көркемдік жетекшісі Қуандық Қыстықбай.

Жеңімпаз атанған командалар мен үздік деп танылған ойыншылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтсақ, жүлделі бірнші орынды «Астана Опера» театры, екінші орынды «Астана Мюзикл» театры иеленсе, үшінші орынды «Музыкалық жас көрермен театры» қанжығасына байлады. Ал «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша «Астана Опера» театрының артисі  Бақтияр Бостанбаев, «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша «Астана Мюзикл» театрының актері Арнат Жамаш марапатталса, «Үздік қақпашы» номинациясын Музыкалық жас көрермен театрының актері Аққанат Қуандықов иеленді.