«Әзілің жарасса, атаңмен ойна»: Жүсіп Ақшораның келіні жұртты таңқалдырды
Танымал әзілкеш Жүсіп Ақшораның келіні желіге атасымен бірге түскен видео жүктеп, елді шулатты, деп хабарлады Elorda.info.
«Қайын атама пранк жасадым» деген келінді бірі сынаса, бірі тәнті болып қолдау пікірлерін қалдырған.
Дастархан басында атасымен бірге отырған Динара Сайлаубайқызы махаббат туралы өлең оқып, бұрынғы ғашығы есіне түсіп кеткенін айтып көзіне жас алады. Кейін атасына мұның қалжың, пранк екенін айтқан.
Біздің Ақанды жақсы көрмейді екен ғой деп ойладым, - дейді Жүсіп Ақшора.
Желі қолданушылары «Келіні атасының топырағынан екен», «Әзілдің атасын күлдірген бірінші келін сен шығарсың», «Әртістің келіні әртіс болады екен», «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген, «Тамаша» деген пікірлерін жазуда.
Айта кетейік, Жүсіп Ақшораның келіні атасымен жиі видеоға түсіп, жариялап тұрады. Оның Instagram парақшасында 10 мыңға жуық оқырманы бар.