«Ұяңды өз қолыңмен қаладың»: Ақбота-Нұр Сейтмағамбетованың пәтері көпшілікті таңғалдырды

Бүгін, 11:26
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Ұяңды өз қолыңмен қаладың»: Ақбота-Нұр Сейтмағамбетованың пәтері көпшілікті таңғалдырды
Фото: Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова/Instagram

Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова өзінің Instagram-дағы парақшасында жаңа үйін көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өнер иесі үйді ЖК Alasha Residence-тен алғанын жасырмады. 

«Әр кірпішінде – арман, әр терезесінде – үміт. Жаңа үй – жаңа тыныс, жаңа бетбұрыс. Қаншама еңбек терімнің жемісі. Құтты шаңырақ болсын!», – деп жазды ол.

Көпшілік Ақбота-Нұрдың қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жаудырды.

«Берекелі, қайырлы үй болсын!», «Қандай керемет! Еңбегіңіз жана берсін, берекелі мерекелі шаттыққа толы шаңырақ болсын», «Құтты болсын берекелі болсын», «Қаншама еңбек. Кішкентай қызапдың үлкен жетістіктерінің бірі. Арманға адалдық пен жұмыстағы табандылықтың нәтижесі. Өз ошағыңды, өз ұяңды, өз арманыңды өз қолыңмен қалап жатсың. Алла қолдаушың болсын», – деп жазды олар.