00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ресейлік әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады

23 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ресейлік әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады

Алматы мен Астанада ән кешін өткізген ресейлік әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ол Instagram желісіндегі жазбасында "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазып қойған, деп хабарлады Elorda.info.

Кейінірек әнші әлеуметтік желідегі жазбасын өңдеп, ешкімді өкпелеткісі келмегенін айтты. 

"Қазақстан, сіздерді ренжіткім келмеді. Жазбаны асығыс, тыныс белгілеріне мән бермей жаздым. Кешірім өтінемін. Менің тамаша тыңдармандарым бар. Оның ішінде Қазақстан да қалыс қалған емес. Расымен, керемет қарсы алды", - деп жазды Земфира. Әншінің жазбасына көп қазақстандық пікір білдіріп, "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазғанына өкпелеген. Ал әншінің айтуынша, ұйымдастырушылар кешті нашар ұйымдастырған. 

Айта кетейік, Земфираның концерті 18 тамыз күні Алматыда, 20 тамызда Астана қаласында өтті.