Әнші Еркеш Хасен: Өзіме өзім басшы емеспін
18 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Әнші Еркеш Хасен Instagram парақшасында достарына өтініш білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Құрметті достар. Бәріне бір айтайыншы. Менің қазір продюсерім бар. Баяғыдай өзіме өзім басшы емеспін. Соны дұрыс түсінсеңіздер. Сахнада жалғыз тұрғаныммен артымда еңбектеніп жатқан үлкен штат, команда бар. Бір қуанышқа шақырып, мен ол жерге бармағаныма «Звезда болып кеткенсің бе?» дейтін әңгімені естігім келмеген соң жазып отырмын. Бір-бірімізді көтермелеп, дұрыс жағынан түсінейікші, - деп жазды әнші.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты