Елордалық құтқарушылар биік ғимараттарға жылдам көтерілу бойынша жарысты

Фото: Elordainfo.kz
Биік ғимаратта өрт пайда болғанда негізгі фактор – адамдарды жоғарғы қабаттардан тез эвакуациялау. Бұл тұрғыда құтқарушылардың жылдамдығы маңызды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Биік ғимараттарға жылдам көтерілу бойынша жарыста 56 өрт сөндіруші «Северное сияние» тұрғын үй кешенінде 30 қабатты еңсерді», - делінген хабарламада.
Жеке есепте 5-МӨСБ аға өрт сөндірушісі Самал Убайдулла жеңіске жетті, ал жалпы еңсеру уақыты 3 минут 09 секунд болды.
Командалық есепте үздік болып 3-МӨСБ, екінші орынды 7-МӨСБ командасы және үшінші орынды 24-МӨСБ иеленді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:04
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Бүгін, 16:29
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

Бүгін, 15:43
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр

Бүгін, 15:07
Астанада Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылды