00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Меломен» тобының мүшесі «қол көтерді» деп айыптаған әйеліне жауап берді

«Меломен» тобының мүшесі «қол көтерді» деп айыптаған әйеліне жауап берді
коллаж Elorda.info

Жақында «Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі, блогер Нұрилла Ақберген сұхбатта күйеуінің қол көтергенін және енді өзін барынша қорғайтынын айтқан еді. Қоғамда әп-сәтте дауға айналған жағдайға қатысты әнші Ғабит Бибасыұлы өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Ол бұрынғы әйеліне үндеу жасады.

Осындай тап-таза, нұрлы кезің болғанда бұлай сөйлемес едің ғой. Аман бол! Енді ісім психолог, коуч сымақтармен болады, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, зорлық-зомбылық көрген әйелді қолдап жатыр.