00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

ҰҚК еліміздегі түрмелердің бірінде теракт жасамақ болған адамды құрықтады

25 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
ҰҚК еліміздегі түрмелердің бірінде теракт жасамақ болған адамды құрықтады
фото: ҚР ҰҚК

Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтастары анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, фигуранттардың бірі қамау жағдайында террорлық акт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан.

Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды.

Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген. Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды.

«Көрсетілген адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді ҰҚК баспасөз қызметі.