00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Назгүл Мағжан: Биыл қиын жағдайға тап болған жүзден астам әйелге көмек көрсетілді

25 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Назгүл Мағжан: Биыл қиын жағдайға тап болған жүзден астам әйелге көмек көрсетілді
фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жыл басынан бері түрлі жағдайға тап болған жүзден астам әйелге көмек берді. Бұл туралы аталған комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мағжан Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

 «Біз әйелдерді қолдау, отбасылық құндылықтарды қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешу мақсатында ҮЕҰ, мемлекеттік құрылымдар және азаматтық қоғаммен белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мағжан.

2024 жылы комиссия 100-ден астам көпбалалы және қиын жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсетіп, 9 мыңнан астам әйелге кеңес берген. Сонымен қатар 120-дан астам адам SMM, бухгалтерия және электронды коммерция саласы бойынша оқуға жіберілді.

«Комиссия тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес аясын кеңейтіп, 200-ден астам жәбірленушіге, соның ішінде әйелдер мен балаларға көмек көрсетті. Сондай-ақ, 465 адамға кеңес берді. «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясы аясындағы түрлі іс-шаралар мен жиі жанжалдасатын отбасылармен профилактикалық жұмыс зорлық-зомбылықтың алдын алып, жәбірленушілерге көмек көрсетуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Назгүл Мағжан.