00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадан Абай облысына көшкісі келетін азаматтардан өтінім қабылданып жатыр

Бүгін, 14:37
Торғын Аман Торғын Аман
Астанадан Абай облысына көшкісі келетін азаматтардан өтінім қабылданып жатыр
фото: Оңалхан Өнерхан

Еңбек мобильділігі орталығында Астанадан Абай облысына көшкісі келетін азаматтардан өтінім қабылданып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қоныс аударғысы келетін азаматтар үшін Абай облысы әкімдігінің өкілдерімен арнайы кездесу ұйымдастырылған. Онда әкімдік өкілдері елордадан көшкісі келетін азаматтар үшін қандай талаптар қойылатынын және бағдарламаға қатысу шарттары мен өзге де мәселелерді түсіндіреді.

Естеріңізге саламыз, қоныс аударатын әр отбасының мүшесіне 70 АЕК (258 440 тг) көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Сонымен қатар тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарына ай сайын 55 380 – 110 760 теңге өтемақы мен баспана ал үшін 4,28 млн теңгеге дейін Экономикалық мобильділік сертификаты беріледі.

Өтінімдер Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша қабылданады.