00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Марат Омаров Голливудтан өнер орталығын ашты

19 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Марат Омаров Голливудтан өнер орталығын ашты
Фото: Марат Омаров

АҚШ-та голливудтық фильмге түсіп жатқан, белгілі әнші, сазгер Марат Омаров қазақстандық жастар үшін өнер орталығын ашты, деп хабарлады Elorda.info

Өнер иесінің айтуынша, аталған орталықтың ашылуына 1998 жылы құрылған талантты балаларды дамыту қоры себепші болып отыр.

Өзім де, қызым да кино саласында жүргендіктен, алдымен жастарды кино әлемімен таныстырып, осы өнерді әлемдік деңгейде үйренуге жол көрсетпекке ниет қойдық. Нью-Йорк фильм академиясы мен «Марат Омаров продакшн» бірлесіп қолға алған   жобамызда талантты жастарды киноға түсу, актерлік шеберлік, сценарий жазу мен операторлыққа бейімдейтін боламыз, - деді Марат Омаров.

Орталықта курс қатысушылары кино өнерін ғана емес, ән, би, тіпті ағылшын тіліне де үйренетін болады.  Сондай-ақ пианино, фортепиано, гитара, домбыра курстары да бар. Кастингтен өткен өнерпаздар бейнебаянға, қысқа метражды фильмге түсуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, өнер орталығына келем деушілердің жасына шектеу жоқ. 

Орталыққа 10 жастағы баладан бастап ересек адамдарға дейін келуге болады. Голливудтың әсем жерлерін көрсетуден бастап «Hollywood stars», «Universal Studios», «Warner Brothers», «New York Film Academy»-дан сабақ алғысы келетін барлық қызығушылық танытқандарға жол көрсетуге дайынбыз. Курсымызда әнші, сценарист, актер, биші, жазушы, журналист болсын - бәріне де арналған бағыттар бар. 

Орталықтан оқып шыққан адамға әлемдік деңгейдің есігі ашылады. Жан-жақты оқып, бір мамандықты таңдап,жиған-терген өнер-білімін Қазақстанда дамытуға мүмкіндік береді. Менің мақсатым – өнерлі жастардың той-томалақтың айналасында қалып қоймай, шығармашылықтарын әлемдік деңгейде шыңдауға жәрдемдесу, - дейді ол.

Өнер иесі Голливудқа келуге ниет білдірушілерге алғашқы кезекте не істеу керектігі жайлы да кенңесймен бқлісіп кетті.  Оныі айтуынша мұхит асып келгәсі келген адам әуелі 6 айға туристік виза алуы қажет. АҚШ-та қалып оқитын я жұмыс жасайтын болса, БҰҰ ның мәдени кеңесшісі ретінде  қнер иесінің өзі құзырлы орынға өтініш жазатын болады.  Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы арқылы да, жұмыс визасымен де АҚШ-қа келуге мүмкіндік бар.

Айта кетейік, бұдан бұрынғы сұхбатымызда Марат Омаровтың Голливудта «Малена» атты фильмге түсіп жатқанын айтқан болатынбыз. Кенже қызы Бибімариям да АҚШ-та киноиндустрия саласында оқып, тәжірибе алып жатыр.