«Арыңыз қалай жібереді»: Жұлдыз Әбдікәрімова қысқа кием деп сынға қалды


Театр және кино актрисасы Жұлдыз Әбдікәрімнің образдарын көпшілік оқырмандар сынап жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өнер иесі Instagram парақшасының stories бөлімінде оларға жауап жазды.
«Осылай қысқа киінуге қалай арыңыз жібереді?» - деп жазған оқырманға Жұлдыз жауап берді. Ол адамның ар-ұят деңгейін киіммен өлшеу дұрыс емес екенін айтты.
«Ар деген ұғымның пәлсапасын киіммен өлшейтін болсаңыз, қиын болыпты», - деп жауап берді ол.
Актриса «төрт баланың анасысың» деп сын тезіне алып жатқандардың қарасы көп екенін айтты.
«Еп-ерсі енді бұл жерің, төрт баланың анасысың ғой, етегіңді ұзартсайшы» деген сынға айтарым «Төрт бала тудым деп өз-өзіме үкім шығаратын - ол мен емес», - деген жазба қалдырды.
Сондай-ақ «Кішкене ұят сияқты, негізі «скромность» болған жақсы сияқты» деген жазбаға «Сіз де адамның қарапайымдылығын киіммен өлшейсіз бе?» деп жауап берді.
«Қой, осы жерден доғарайық! Әжептәуір тістен бастаған әңгімемді мына жақтағылар астыға түсіріп жіберіпті. Белден төмен темаға жоламайық, әйтпесе ұят болады», - деп бұл тақырыпты қорытындылады.



