Әнші Бүркіттің әйеліне гауһартасты әшекей сыйлаған Мақпал Жүнісова жұртты сүйсінтті

1 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Әнші Бүркіттің әйеліне гауһартасты әшекей сыйлаған Мақпал Жүнісова жұртты сүйсінтті
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Бүркіт Айт мерекесінде шаңырағына бірқатар өнер адамдарын қонаққа шақырды. Осы жарасымды отырыста қазақтың халық әншісі Мақпал Жүнісова Бүркіттің жары Айшаға гауһартасты әшекейін сыйлады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Өзімнің жақсы көретін ұлттық нақыштағы «кулоным» еді. Соны саған сыйлағым келеді. Менің көзімдей көріп тағып жүр. Менде мұндай көп қой. Оның бәрін үй қылып қалаймын ба?» - деген Мақпал Жүнісова бағалы затты сәби күтіп жүрген Бүркіттің жарына ұсынды.

Мұны көрген оқырмандар әншінің дархандығына риза болысып, оған және үлкендерді сыйлап қонақ еткен Бүркіттің шаңырағына алғысын жаудырды.

«Мақпал апамыз қолы ашық, әрдайым сыйлық сыйлап жүреді. Керемет басқосу болған екен. Айттан-айтқа аман-есен жете берейік!», «Жұлдыздардың ішінде сыйлықты мол сыйлайтыны - Мақпал. Басқаларынікі - алу», «Мақпал апай бриллиант адам ғой. Бүркіт пен Айшаға рақмет, елдің ерке қызын қонақ қылған. Мақпал апай бақытты, ғұмырлы болсын», «Мақпал тіпті қартаймайды», «Көңілі баладай, пейілі даладай Мақпал апай ғой бұл!», «Өте қарапайым адам ғой. Күлкісі керемет, өмір сүргің келеді», «Бала кезімнен көзіме ыстық әншілерді көріп қуанып қалдым. Осы кісілердің әндерін тыңдап өстік қой» деп жазды оқырмандар.