Белгілі журналист Тұрсынбек Қабатовты қатаң сынады
Бұл туралы журналист Гүлбану Әбенова Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Жапонияны неге Япония дейді?
Тіл – сөйлеу мәдениеті. Сахнадан айтылған әрбір сөз халықтың құлағында қалады. Сондықтан осылай сөйлеу дұрыс әрі қалыпты деп ойлайды көпшілік.
Кеше белгілі қаламгер Роза Мұқанова теледидардағы шұбарланған тіл тақырыбын көтерді. Бәрі келісті, қауым қолдап отыр. Енді телеарна басшылары осы мәселеге міндетті түрде мән беруі керек.
Мысалы, осы Қабатовтың сахнаға лайық емес екенін үнемі айтып келемін. Не білімі, не мәдениеті жоқ. «Надан, бірақ пойдет біздің ауылға біз де ауылдан шықтық» деп қолдайды халық.
Кеше «Арасына көп орысша сөз қосады» деп автобус кондукторының сөз саптауына жұрт қаншама сын айтты. Ол жәй кондуктор. Осы жұмысқа білімі, дипломы болмаған соң барды ғой.
Ал мен қазақша жазсам қаншама сын естимін. Жазбасаң тағы пәле. «Неге қазақша жазбайсың?» деп шығады осы Қабатовтың көрермендері.
Біздің қалада қазақ мектебі болмады. Сондықтан орысша оқыдым. Ал Қабатов ауылда қазақ мектебінде оқыған. Ол неге көп орысша сөз қосады? Неге Жапонияны Япония дейді?
Остров – арал;
Краска – бояу;
Есть такое государство – мұндай мемлекет бар;
Художник – суретші;
Кисточка – қылқалам.
Қазақ мектебін бітірген Қабатовқа жеткізіңізші: «мен гугл-аудармашыны қолдандым, ол да соны қолдансын, - деп жазды журналист.
Естеріңізге сала кетейік, жақында журналист Жанар Байсемізова да Тұрсынбек Қабатовты сынаған болатын.