00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Барби» болған әнші Байырбекова біраз адамды таң қалдырды

20 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Барби» болған әнші Байырбекова біраз адамды таң қалдырды
коллаж Elorda.info

Көпшлікке Жанболат пен Жазира дуэті болып танылған белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасына екі түрлі стилдегі киіммен фото салды, деп хабарлады Elorda.info

Ол ұлттық киіммен және Барби қуыршағындағы стильдегі екі түрлі фото салып, оқырмандарынан қайсысы көбірек жарасатынын сұрады. 

Бұл тұрғыда әлеуметтік желіде пікір қалдырушылардың пікірі екіге жарылды. 

 

Көпшілігі «Біздің Қазақ халқымыздың ұлттық киімі әдемі», «Қазақша әдемі», «Қазақша жарасады қызым саған,  өте әдемісің», деп жатса кейбір оқырмандары «Маған екеуі де ұнайды», «Куклада әдемі»,- деген жазба қалдырды.

Алайда, Жазираның өзі «Қай образ жақсырақ жарасады. 1- ші образ өзіме 2-ші образ қызым Дараға ұнайды», - деп жазды. 

Кейбір оқырмандар, «Әдемі қазақ қуыршақтарын көп шығару керек иә. Сонда Дараға да қазақша киіммен түскен фота ұнайтын болады. Түстері ашық болғанда», деп те пікір қалдырды.