Баян Алагөзова желіде қызы туралы ерекше жазба қалдырды
Танымал продюсер өзінің әлеуметтік парақшасында кіші қызының көпшілік біле бермейтін қасиеттерін жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Менің сұлу, ақылды, талантты, еңбекқор, өте білімді және өте қарапайым қызым. Шынымды айтсам, соңғысы маған ұнамайды, бұл уақытша деп үміттенемін. Қарапайымдылық, әрине, кез-келген адамға жарасады. Ал менің қызымда бұл өте көп. Қызымның көп қабілетін сіздер біле бермейсіздер. Ол фортепианода ойнайтынын көпке көрсеткісі келмейді, гольфты жақсы ойнайды. Қызым бірнеше тіл білетінін, әдебиетке қызығушылығы жайлы айта бермейді. Сондықтан әзірше мен оның тамақты өте жақсы пісіретінін қайта-қайта көрсете беремін. Ол алдын ала өзінің тойын көпшілікке көрсетуге тыйым салды. Бірақ қазір оның жігіті жоқ, - деді Баян Алагөзова.
Желі қолданушылары жазбаға қатысты түрлі пікір жазып жатыр.
«Оның қарапайым болғаны жақсы, қазақ қызына тән қасиет», «Бақыт тыныштықты жақсы көреді», «Сіздің екі қызыңыз да жақсы тәрбие алған» , - деді олар.
Аруза Боранбаева