«Бақыттың ерте-кеші жоқ»: Ләйлә Сұлтанқызы Құралай Анарбековаға бақыт тіледі

Фото: instagram/Құралай Анарбекова
Тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы желіде көпшілікке танымал «Брат и брак» фильміндегі басты кейіпкердің бірі актриса Құралай Анарбекованың қалыңдық атанғанын айтып, сүйінші сұрады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова (@kuralay_corich ) қалыңдық атанды.
Ақжүрек, кең пейіл азаматың - сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!», - деп жазды ол.
Желі қолданушылары «Кеш» деп жазғаныңыз дұрыс емес. Біреуге ерте немесе кеш болуы мүмкін, бірақ ол үшін бұл - нағыз дер шағы», «Бақыттары баянды болсын. Ұстасқан қолдары мәңгілік болсын», «Жастар бақытты болсын» деп тілек айтты.
Ұқсас жаңалықтар

14 тамыз, 2025
Қайрат Нұртастың әйелі гендер пати өткізді

14 тамыз, 2025
«1,5 млн теңге»: Жан Байжанбаевпен киноға түсу үшін ақша сұрады деген ата-ана шу шығарды

11 тамыз, 2025
«Бақытты шегіртке»: Дженнифер Лопестің концертінде ерекше оқиға болды

11 тамыз, 2025
Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік сәби сүйді