«Ашуыңды көрсетпе»: Ақбота Керімбекова келіні туралы өз шындығын айтты
11 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
фото: ашық дереккөз
Отандық әнші Ақбота Керімбекова келінімен қарым-қатынасы туралы сыр шертті, деп хабарлады Elorda.info.
Кез келген адам өзінің өмірде жіберген қателігін, сүрінген кездерін балалары көрмесе екен деп ойлайды. Мен балаларыма шектеу қойған емеспін. Келіндеріме де шектеу қоймаймын. Барынша өмір сүрсін. Бізге керегі тек көңіл. Бәр шәйін беріп, «жақсысыз ба, қалыңыз қалай?» деп жағдайымызды сұрап қойса болғаны, – дейді Ақбота Керімбекова.
Сондай-ақ әнші болашақ келіндерге өзінің әпкелік ақыл-кеңесін айтты.
Жалпы келіндерге айтарым, үлкеннің қас-қабағына қарау – міндетіміз. Үлде мен бүлдеге орамай-ақ қой. Жай ғана ашуыңды көрсетпей, үлкен кісілердің алдында қара нан мен шайыңды жадырап-жайнап берсең, ата-енеге керегі сол, – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты