«Алты айда 35 кг салмақ тастадым»: Кенжебек Жанәбілов мектеп кезінде қалай өзгергенін айтты


Әйгілі «МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов «1001 түн» бағдарламасында балалық шағындағы есте қалар бір оқиғасымен бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шоу-бизнес өкілі егер әнші болмағанда, спортқа ден қоюы мүмкін екенін айтты.
«Мектеп қабырғасында жүргенде 1 жыл мектепке бармай, спортпен айналысқаным бар. Онда салмағым көп болатын. Қалаға келіп алты айдың ішінде 35-40 кг салмақ тастадым. Таңертең жүгіремін, күндіз жаттығуға барамын, демалып алам да қайтадан жүгіремін. 35 кг тастағаннан кейін мектепке бардым. Өйткені анам қатты ауырып жатты да, «кенже балам көз алдымда отырсыншы» деп қасына алдыртқан болатын. Ол кезде домбырамен ән айтып, анамды емдейтінмін. Сонда мектептегілер мені танымай қалған. Мектептен кеткендегі салмағым басқа, қаладан келгендігі салмағым мүлдем басқа болды. 40 кг салмақ адамға, шынымен, мүлдем басқа түр береді екен», - деді ол.
Әнші бокспен 1,5 жыл тұрақты шұғылданған. Ол қазір де спортты сүйетінін және айналасындағы адамдардың да спорт десе ішкен асын жерге қоятынын айтты.



