00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қайрат Түнтеков басты табысы тойдан екенін ашып айтты

26 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қайрат Түнтеков басты табысы тойдан екенін ашып айтты
Фото: nstagram.com/kairat_tuntekov/

Танымал әнші Қайрат Түнтеков басты табысы той екенін жасырмады. Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасында өнерден үзіліс алғанда, тойда ән айтқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Тойда ән айтамын. Тойда ән айтпайтын өнер адамдарын көрсетіңізші? Бәрі тойда ғой. Басты табысымыз - той ғой.Өнерден үзіліс алғанда, тойда жүрдім. Қарап отырған жоқпын. Сол үшін өз-өзімді ұстап жүрмін. Халықтың алдына шығып қоямын, - деді Қайрат Түнтеков. 

Сонымен қатар әнші ұсыныс түссе, тағы да фильмге түсуге қарсы еместігін айтты. 

Фильмге 2009 жылы түстім. «25 теңге» деп аталады. Керемет комедия, ол кезде жаспын. Егер киноға шақырып жатса, ұсыныс болса, неге түспеске? Мен жағымсыз, бұзық кейіпкерді ойнағым келеді, - деді.