«Тек ақшаға келіседі»: Байзақова інісіне тұрмысқа шыққысы келетін аруларға үндеу жолдады
31 наурыз, 2023
Ғани Атымтай
Атышулы блогер Айжан Байзақова інісіне тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға үндеу арнады, деп жазады Elorda.info.
Видеода блогер інісінен әйелі ауырып қалса, оған қалай ас дайындап беретінін сұрайды. Ол жеткізу қызметіне жүгінетінін, интернет болмаған жағдайда жұмыртқа қуырып беретінін айтады.
Қысқасы, қыздар! Егер оған тұрмысқа шыққыларыңыз келсе, айтарым: ол ас дайындай алмайды. Мысалы, Түркия, Грузия, Өзбекстан елдерінде көбіне ер адам ас дайындайды. Ал бізде ер адамдар ештеңе жасамайды, иә? Біздің ерлеріміз өмірдің рахатын көріп жүр. Міне, бұл да дайын асқа келді. Тіпті қоқыс та тастамайды. Тек ақшаға келіседі, - деді Айжан Байзақова.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты