Күйеуіммен ренжісіп қалсам, әке-шешеме кетіп қаламын – Айнұр Тұрсынбаева
Қазақстандағы қыз-келіншектерге ақылы түрде кеңес беріп, тренинг өткізетін айтыскер Айнұр Тұрсынбава өзінің басынан өткен тағы бір оқиғасын баяндап берді. Бұл жолы атышулы ақын жеке өміріндегі құпиясын ашқан, деп хабарлады Экспресс К сайтына сілтеме жасаған Elorda.info.
Тағдыр жолында үш рет тұрмыс құрған Айнұр Тұрсынбаева күйеулерімен тіл табыса алмаса, бірден заттарын жинап, төркініне тайып тұруды ойлайды екен. Ол дәл осы жағымсыз әдетінен 20 жыл бойы арыла алмағанын айтады.
Менің күйеуіммен ренжісіп қалсам, чемодан жинайтын әдетім бар. Атып тұрып, киімдерімді жинай бастаймын және осы жаман әдетімді 20 жыл бойы байқамастан қайталай беріппін, - деп бастады әңгімесін Тұрсынбаева.
Айнұрдың айтуынша, бұл әдет бұрыннан қалыптасқан. Ол қаршадайынан ата-әжесінің қолында өскен екен. Ал бала кезде үйде жанжал шықса, өзінің туған әке-шешесіне кететінін айтып, киім-кешегін жинай бастайтын көрінеді.
Оқи отырыңыз: Айнұр Тұрсынбаеваның сіңлісі туған күнінде уыстап доллар шашты
Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарын ақыретпен қорқытып қойды
Сондағы бар мақсатым, апамның: «Құлыным, кетпеші. Мен сені жақсы көремін» деген жылы сөзін есту… Сосын рахаттанып киімдерімді орнына жинап қоямын. Дәл осы картина көз алдыма келіп, бәрін бойымнан өткіздім. Сезіндім. Содан бері киім жинауды қойдым. Тіпті кету деген ойды миымнан шығарып тастадым. Қазір көп әйелдер махаббатқа, қамқорлыққа мұқтаж. Бала кезден алмаған жылуды күйеуден іздеп, оны қорқытқымыз келеді. Өкінішке орай, оның арты үлкен қателіктерге алып келеді, - дейді айтыскер ақын.
Қазір Айнұрдың санасы толысқан, бұрынғыдай ақымақтыққа бармайды. Жанұяда жанжал туындаса, бірден шешуге тырысады.
Айта кетейік, Тұрсынбаева үш рет тұрмыс құрғанымен, екі некесі сәтсіз аяқталған. Ал бірінші жолдасынан ұлы мен қызы бар. Қазіргі таңда ақын үшінші күйеуі Нұржан Иманәлиевпен бірге Түркияда тұрады. Ол жігіт қылмыс әлемінің серкесі «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің жан досы.