«1,5 млн теңге»: Жан Байжанбаевпен киноға түсу үшін ақша сұрады деген ата-ана шу шығарды

14 тамыз, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views89
«1,5 млн теңге»: Жан Байжанбаевпен киноға түсу үшін ақша сұрады деген ата-ана шу шығарды
https://www.instagram.com/zhan_baizhanbayev

Қазақстандық әйелдің айтуынша, киномектеп 15 жастағы қызына Жан Байжанбаевпен бірге фильмге түсу үшін 1,5 млн теңгеге ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.

Оның сөзінше, кастингте менеджерлер ата-аналарға қысым көрсетіп, «дәл қазір және осы жерде» қатысу ақысын төлеуді талап еткен.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін басқа да ата-аналар ұқсас жағдайға тап болғандарын айтып, балаларға киноға түсуге уәде беріліп, орнына ірі көлемде ақша сұралғанын жеткізді.

Актер Санжар Мәди мұндай ұсыныстарды алаяқтық деп атады.

«Рөлге түсу үшін ешқашан ақша төлемеңіздер, – деп пікір білдірді ол.

Жұлдыздардың менеджерлері актерлердің түсірілімдерге қатысқанын растады, алайда оқыту мен бағаға студия жауапты екенін айтты.

Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов мұндай жағдайларда күмәнді шарттарға келісетін ата-аналар да жауапкершілік арқалайтынын атап өтті.