Бастамалардың әрқайсысы – еліміздің тұрақты дамуының кепілі
Жыл сайын қаңтар айының басында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қорытындысын шығарып, қоғамды толғандыратын ең өзекті сұрақтарға жауап береді. Бұл игі дәстүр мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтып қана қоймай, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырады. Халықпен барынша ашық диалог негізгі басымдықтарды айқындауға және елді одан әрі дамыту үшін бағыт белгілеуге мүмкіндік береді. Президенттің «Ana tili» газетіне шыққан сұхбаты туралы Сенат депутаты Бибігүл Аққожина осылай деп пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Экономиканы дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, қаржылық тұрақтылықты нығайту – осы міндеттердің барлығы биліктің барлық деңгейлерінің үйлесімді жұмысын талап етеді.
Біз үшін үкіметтің әрбір қадамы түсінікті, ашық болғаны және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғаны маңызды. Мемлекет басшысы басқарудың барлық деңгейлерінде кәсібилік пен құзыреттілікті нығайтуға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанға нәтижеге бағдарланған батыл шешімдер қабылдауға дайын бастамашыл және білікті мамандар қажет. Бұл - елдің тұрақты дамуының негізі және оның өркендеуінің кепілі.
Біздің еліміз үшін басты басымдықтардың бірі – экономиканы әртараптандыру, осы бағытта біз елеулі жетістіктерді көріп отырмыз. Өнеркәсіптік өндірістегі үлесі бойынша өндіруші деңгейге жеткен өңдеу секторының озық өсуі біздің экономикамыздың сапалы дамуын көрсетеді. Бұл жай ғана сандар емес, бұл жаңа жоғары өнімді жұмыс орындары, экспорттық әлеуетті нығайту және ең бастысы, шикізат ресурстарына тәуелділікті азайту.
Сонымен қатар заманауи автомобиль компоненттері мен қозғалтқыштарын шығару сияқты машина жасауда жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу біз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл - технологиялық серпіліске, импортты тиімді алмастыруға және қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған қадам.
Экономиканы жаңғырту, әлеуметтік реформалар және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ елдің егемендігі мен халықаралық ұстанымдарын нығайту басты назарда қалып отыр.
Бастамалардың әрқайсысы – еліміздің тұрақты дамуының және әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттырудың кепілі. Алдымызда үлкен перспективалар бар екеніне шын жүректен сенемін», - деп жазды ол.