00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Аудан мен қала әкімдерін сайлау саяси реформалардың жалғасы

13 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Аудан мен қала әкімдерін сайлау саяси реформалардың жалғасы
фото: Оңалхан Өнерхан

Аудан мен қала әкімдерін сайлау саяси реформалардың жалғасын алуда, хабаралйды Elorda.info.

Президент жуырда Қазақстан халқына Жолдауында елімізде 45 аудан мен қалада әкімдердің сайлауы туралы айтты. Бұл қадамды былтыр басталған саяси реформалардың жалғасы ретінде қарауымыз керек. Ендіге жерде  тек ауыл әкімдерін ғана емес, аудан мен республикалық деңгейдегі қала әкімдерін де сайлауға толық негіз бар. 

Тәуелсіздік жылдарынан бері, бар билікті өзіне жиып алған теориялық жағынан айтсақ, авторитарлық режимде "қаласаң да, қаламасаң да болатын" әкімдер тағайындалатын. Нәтижесінде, ешқандай аймақтық бағдарламадан бастап, үкіметтік-республикалық бағдарламаға жауап бермей, білгенін істеп, білмегенін өзінен аулақ ұстап,  «қош бол, Сәулем» деп кете баратын әкімдер шыққанына, қоғам куә болды. Бұл тарихи шындықтың екпіні, кешегі қайғылы Қаңтар оқиғасына әкелгенін де білеміз. Артынша қолға алынған батыл өзгерістердің  арқасында, қазіргі билік демократиялық сананы күшейтуге барынша сайланбалы қоғамды қалыптастыруға кірісті. Соңғы сілкініс саяси-демократиялық сананың дамуына едәуір әсер беретін бағыт болып есептеледі. 

Әкімдердің сайлануы қай кезде де "сайлау деген осы екен-ау" деп, бармақ басты, көз қысты заңсыздықтармен көрініс тауып жататынын байқау қиын болмайтын. Бірақ былтырғы желтоқсанда шыққан Сайлау туралы заң, аталған олқылықтардың жойылуына септігін тигізетініне сендірді. Қоғам негізі бұндай олқылықтарды саналы түрде көруі керек. Өйткені, сайлап, сенген әкімі - руласы, жерлесі, класстасы, танысы, ауылдасы, партияласы болғанымен, егер уәдесін орындамай, дауыс берген электоратының көңілінен шықпаса сөзсіз, құқықтық қайтарып алу арқылы  әкімдік мандатынан  айырады. Бұл аталған Заңда қарастырылған демократиялық шешім. 

Саяси тәжірибені көрмеген қоғам, бәрі бір әп дегеннен идеалды сайлау, идеалды демократиялық қоғамды орната алмайды.  Мәселен, жетпіс жыл бойы  демократиялық жолды таңдаған Оңтүстік Кореяның өзі, әлі осы уақытқа дейін сайлаумен келген әкімқара мен президенттерінің заңсыз әрекеттерін әшкерелеп соттаумен келеді. Әрине, бұл тура биде туған жоқ деген әділетті қоғамды орнатуға талпынған елдің мысалы.  

Әкімдерді сайлау саяси реформаларды тереңдете беретін бастама. Бұдан басқа халқымыздың алдында дамудың балама жолы жоқ.

Бұл тұрғыда Үкімет те еліміздегі әкімдері сайланатын моноқалалардың кешенді даму бағдарламаларын күшейтіп бағуда. Мәселен, алғашқы ондыққа іліккен моноқаланың тізбегінде Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск Степногорск, Жаңатас, Қаратау, Риддер қалаларының жүйелі әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары күшеюде. Алғашқысы болып үкіметтік қаулылар, Жаңатас, Қаратау, Риддердің 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму бағытымен нақтыланып үлгерді. 

Жалпы алғанда, 1,4 млн халқы бар, барлық 27 моноқаланың экономикалық ахуалына Үкіметтен 1,7 трлн қаржы жұмсалмақ. Бұл еліміздіегі өндірістік өнімнің 40 пайызын  беріп отырған қалаларды қолдауға бағытталған әжептәуір бастама болып отыр. 

Осы ретте, Президенттің тағы бір ұсынысын айта кетпеске болмайды.  Ол жергілікті бюджетті дифференциалды тең дәрежеде өзіне қалдыру  мүмкіндіктерін енгізу. Бұл аймақтық қалалардың дамуын еке есеге күшейтетінін айтуымыз керек. Нақтырақ айтқанда сайланбалы болашақ әкімдер жергілікті мәселелерді шешуде мәслихат депутаттарымен келісіп бюджеттік шығындарды шешіп отыруға мүмкіндік алады. 

Жалпы саяси, экономикалық бастамалар аймақтық әлеуметтің дамуында елеулі жаңалықтарымен басымдықтармен ерекшеленбек. Аталған бағыттар 2022-2023 жылғы Президент Жолдауларында кеңінен көрініс тапқан болатын. Бастысы, төртеуін түгел қылған аймақтық даму көрсеткіштері облыс орталықтарынан гөрі, осындай қалалық және аудан орталықтарынан бастау алғаны, төменнен жоғары қарай горизонталды даму жүйесін орнықтырады. Бұл мемлекеттік басқару жүйесінің үздік үлгісі болмақ, лайым солай болғай. 

Мақсат Жақау