Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президентін құттықтады
9 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорды қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Президент күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Ішкі істер министрі Президентке есеп берді
18 қыркүйек, 2024
Президент Қырғызстанмен өткізу пункттерінде индустриялық кешен құру туралы Заңға қол қойды