Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды

фото: Akorda.kz
Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты.
Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәстүрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды.
Сонымен қатар олар тазы мен қыран құстарды тамашалады.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қазақстан мен Германия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

16 қазан, 2025
Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді – Тоқаев

16 қазан, 2025
Президент «Қазатомөнеркәсіп» басшысына бірқатар тапсырма берді

16 қазан, 2025
Қазақстан мен Италия Сыртқы істер министрлері кездесті