Қасым-Жомарт Тоқаев корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:03
Тоқаев бейбітшілік идеясында будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты

Бүгін, 14:36
Мемлекет басшысы еліміздің халқы әлемнің негізгі діндерін ұстанатынын айтты

Бүгін, 14:08
Президент діндер съезіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Бүгін, 12:05
Президент әлемнің жаңа технологиялық дәуірге қадам басқанына назар аударды