Қасым-Жомарт Тоқаев аустрия халқын Ұлттық күнімен құттықтады
26 қазан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elorda.info.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және аустрия халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады.
Қазақстанның Еуропа кеңістігіндегі сенімді серіктесінің бірі саналатын Аустриямен дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастығымыз алдағы уақытта нығая түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Ван дер Белленнің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас аустрия халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды