Жетісу облысында ірі жол апаты болды, адам шығыны бар
фото: Оңалхан Өнерхан
Жетісу облысының Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында маңында үш көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, МТЗ-80 тракторының жүргізушісі Volkswagen Passat көлігімен, одан кейін инерциямен Toyota Carina көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты, алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
Марқұм Шерзат Болаттың отбасы жаңа баспанаға ие болды
24 қазан, 2025
Абай облысында тұрғын балық аулау ережесін бұзған
24 қазан, 2025
Сумен қамтамасыз етуге арналған субсидияларды бөлу кезінде заңбұзушылықтар анықталды
24 қазан, 2025
Талдықорғанда 17 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды
