«Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын салған күдікті ұсталды
1 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
«Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын салған күдікті ұсталды
Ағымдағы жылдың 1 ақпаны күні Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында 2024 жылдың 27 қаңтарында сағат 00.20 шамасында орын алған «Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтіру оқиғасы бойынша күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.
Тергеу барысында бой тасалаған оған іздеу жарияланған болатын.
Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.
Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды