00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жаңаөзендегі төтенше жағдай: үйінділердің астынан екі адамның денесі табылды

17 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жаңаөзендегі төтенше жағдай: үйінділердің астынан екі адамның денесі табылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Жаңаөзендегі газ баллонының жарылуы салдарынан қазіргі уақытта үйінділердің астынан 2000 жылы туған әйел адамның және 1994 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info. 

Қазіргі уақытта үйінділердің астынан 2000 жылы туған әйел адамның және 1994 жылы туған ер адамның мәйіті табылды Медициналық көмекке 12 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала бар. 5 адам ауруханаға жатқызылды, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасуда. 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды. Олардың қатарында құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция өкілдері бар.

Еске сала кетейік, бүгін Астана уақытымен сағат 5:00 шамасында Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған

Маңғыстау облысының ТЖД жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.