Елімізде жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар атына автонесиелер рәсімдеген қылмыстық топ әшкереленді

15 шілде, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар атына автонесиелер рәсімдеген қылмыстық топ әшкереленді
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Қылмыстық қудалау органы жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты алаяқтық жасаған қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеп, жолын кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тергеу барысында қаскүнемдер азаматтарды көндіру арқылы екінші деңгейлі банктерде жоқ автокөліктерге заңсыз автонесиелер рәсімдегені анықталды. Олардың әрекетінен 65 адам зардап шеккен, келтірілген залалдың жалпы сомасы 250 млн теңгеден асты.

Алаяқтар алынған қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған. Қылмыстық топтың әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілер кредиттік міндеттемелер бойынша қарыз болып қалған.

«Кінәлі адамдарға қатысты ҚК-нің 262-бабы (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сол сияқты оларға қатысу) және 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, күдіктілер қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Тергеу нәтижесінде іс сотқа жолданды.