Қызылордада тұрғын үйден өрт шығып 35 адам эвакуацияланды
10 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
фото: дереккөзден
"112" құтқару қызметіне Қызылорда қ., Сырдария 2 в, шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама түнгі уақытта келіп түскен.
Өрт 22-44 сағатта толығымен сөндірілді. 35 адам эвакуацияланды. 3 адамды баспалдақ құтқарды. 1 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Тілісіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД-нен 22 жеке құрам және 5 бірлік техника жұмылдырылды,- деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар