00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды

12 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: дереккөз

Қызылорда-Жалағаш тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады Elorda.info ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 тамыз күні түнгі сағат 03:00 шамасында Қызылорда-Жалағаш тасжолында Жалағаш ауданы Ақсу ауылының тұсында Toyota автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол апаты болды.

Жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақат алды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен​ сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.