Түркістан облысында жер сілкінді

Түркістан облысында жер сілкінді
фото: depositphotos.com

«Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС 12 наурызда Астана уақытымен 06 сағат 15 минутта жер сілкінісі тіркелгенін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.   

Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 684 км жерде орналасқан. (Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 км қашықтықта). Оның қуаты Келес ауданының Абай ауылында 3 балл, Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында 3 балл болған. 

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген. 

Еске салайық, 11 наурызда Жетісу облысында жер сілкінген болатын. Жаркент қаласында оның қуаты 2 балл болды.