Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

17 тамыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
views157
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
фото: Оңалхан Өнерхан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – деп жазылған жеделхатта.