Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

фото: Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоны Индонезия Республикасы тәуелсіздігінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Мен Астана және Джакарта арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген сенімді ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Осы орайда, өзіңізбен бірлесіп, екі елдің достық қарым-қатынасын одан әрі дамыта түсуге бар күш-жігерімді жұмылдыруға дайын екенімді мәлімдеймін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоның сындарлы саясаты мен көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Индонезия Республикасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:25
Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес сала сарапшылары сөз сөйледі

Бүгін, 14:15
Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды

Бүгін, 14:10
Мемлекет басшысы жасанды интеллект зерттеу университетін ашуды тапсырды

Бүгін, 14:04
Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласындағы негізгі басымдықтарға тоқталды