00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Түркістан облысында білім басқармасының есепшісі өзіне қол жұмсады

18 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Түркістан облысында білім басқармасының есепшісі өзіне қол жұмсады
Оңалхан Өнерхан

Түркістан облысында білім басқармасының есепшісі өзіне қол жұмсады

Оқиға 25 қаңтарда болған. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Мақтаарал аудандық полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының бірінші бөлігі «Өзін өлтіруге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Түркістан облысының білім басқармасы іс жүзінде тексеру жүргізді. Экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал ауданына қарасты аудандық білім бөлімінің есепшілеріне шынымен де бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп жауап берді. Әзірше ұрланды деген қаражаттың нақты сомасы айтылған жоқ. 

«Қазір Экономикалық тергеу бөлiмi Мақтаарал аудандық бiлiм бiлiмiнiң есепшiлiктерiне қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнiң 189-баба 4-бөлiгi 2 -тармағындағы «Мемлекеттiк бюджеттен қаражат жымқыру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексі 201-бабының 1-бөлігіне сай сотқа дейіңгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды», - делінген Түркістан облысы Экономикалық тергеу департаменті хабарламасында.

Сонымен қатар Түркістан облысы Жетісай ауданындағы білім саласының есепшілері 530 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді.