Шетел азаматынан екі мыңға жуық sim-карта тәркіленді

Фото: видеодан скрин
Алматы қаласында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісі жалдамалы пәтерде таяу шет елдердің бірінің азаматын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Үй-жайды тексеру барысында жедел уәкілдер үш sim-box құрылғысын тапты. Олардың әрқайсысында 32 sim-карта слоты болған. Сондай-ақ әртүрлі ұялы байланыс операторларының екі мыңға жуық sim-картасы тәркіленді. Құрылғылардың көмегімен қазақстандықтарға алаяқтық қоңыраулар жасалған.
Шетелдік азаматтың біздің елге былтыр желтоқсан айында келіп, алаяқтық әрекеттер жасау үшін аталмыш жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысқаны анықталды.
Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Ұқсас жаңалықтар

20 қазан, 2025
Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

20 қазан, 2025
Полицейлер 11 млн теңгенің мал ұрлығын ашты (ВИДЕО)

20 қазан, 2025
Екі күн ішінде іздеуде жүрген 286 қылмыскер ұсталды – ІІМ

20 қазан, 2025
«2 млрд теңгеден асады»: ШҚО-да мәслихат депутаты ақша жымқырды деген күдікке ілінді