00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Шетел азаматынан 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді

27 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шетел азаматынан 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді
Фото: Elordainfo.kz

Қостанай облысында шетел азаматынан құны 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді, деп хабарлады Elorda.info.

22 желтоқсанда «Ақбөкен» жедел алдын алу шарасы шеңберінде, Екатеринбург – Алматы республикалық автожолында Қостанай қаласынан шыға берісте, Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштан 29 жастағы көрші шетел азаматына тиесілі үш жол сөмкесі табылды. 

Сөмкелерде ақбөкен мүйізі түріндегі 916 дериват, 7,5 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат болған. Болжам бойынша, құқық бұзушы мемлекетке шамамен 2 миллиард теңге шығын келтірген, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды және ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде қамауда отыр. 

Осы дерек бойынша полиция ҚР ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігіне (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына заңсыз қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар кешені тағайындалды.