Сарыағаштағы 5 жасар қызды азаптап өлтірген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты
Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты істі қарады, деп хабарлады Elorda.info
Бұл туралы Түркістан облыстық соты өткізген сот үкімі бойынша түсіндірме брифингте айтылды.
Оқиға 13-шілде күні болған. Күдікті спирттік ішімдік ішкен мас халде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында ойнап жүрген 5 жастағы қызды ауласына алдап кіргізген. Содан, күш қолдану арқылы жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасаған. Одан әрі, аса ауыр қылмысын жасыру мақсатында жәбірленушіні асхана пышағымен көкірегі мен іш-аумағынан бірнеше рет кескілеп өлтірген.
48 жастағы сотталушы «Адам өлтіру» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, кастрация жасалады және жәбірленуші тарапқа 100 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді,- деді брифингте.
Сот үкімі күдікті қамауда отырған Шымкент қаласы Сәуле ықшамауданындағы ИЧ-69 мекемесінде оқылды.
Сот процесі кезінде күдікті соттан жазасын жеңілдетуді сұраған. Алайда, судья қылмыстың ауырлығын және сотталушының бұрын да істі болғанын ескеріп күдіктінің өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды.