СҚО-да құтқарушылар адасып кеткен ер адамды тапты
3 шілде, 2025


Фото: ТЖМ
Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар ауыл шаруашылығы жұмыстары кезінде далада адасып кеткен ер адамды аман-есен тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Қызыл Октябрь ауылы маңында болған. Ер адам даланың ашық аумағында бағытынан адасып, 112 нөміріне хабарласып, шамамен қай жерде екенін жеткізген.
Шұғыл іздестіру шаралары барысында ТЖМ құтқарушылары оны орман алқабынан тауып алды. Ер адамға медициналық көмек қажет болмаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға табиғатта серуендеу немесе жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, сапарлары туралы міндетті түрде туыстары мен жақындарына хабарлауды ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:56
«ҚазМұнайГаз» атауын жамылған пирамиданың заңсыз қызметі тоқтатылды

Бүгін, 12:02
Кісі өліміне күдіктілер Алматы қаласынан ұсталды

Бүгін, 11:01
955 адам қайтыс болды: Бас прокуратура жол-көлік оқиғаларының артуына байланысты дабыл қақты

16 шілде, 2025
Қарағандыда жүкке жасырылған телефондар түрменің кіреберісінде әшкереленді