00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Риддер қаласында дәрігер жалған психотроптық препарат тағайындаған

18 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Риддер қаласында дәрігер жалған психотроптық препарат тағайындаған
Фото: ашық дереккөз

«Трамадол» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.03.2023 жылғы №240 қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын психотроптық заттардың тізіміне енгізілді, оларды өткізу және беру онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана жүзеге асырылады.

Аталған талаптарды бұза отырып, қалалық аурухананың онколог-дәрігері есірткі препаратын қайтыс болған онкологиялық науқасқа тағайындап, рецепт бойынша дәрі алуға рұсат қағазын психоактивті заттарды қолданудан зардап шегетін басқа адамға берген-деп жазды  ШҚО прокуратурасы.

Риддер қаласының прокурорымен есірткі заттарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ҚК 303-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу әрекеттері жүргізілуде.