00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицей анасы мен қызын қызметтік көлігімен қағып кетті

Полицей анасы мен қызын қызметтік көлігімен қағып кетті
фото: Оңалхан Өнерхан

Шымкентте полицейдің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

3 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран АПБ-ның жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді. 

Аталған жайт Шымкент қаласы полиция департаментінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді, - делінген хабарламада. 

Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Шымкент қаласы ПД-ның басшылығы зардап шеккендерден және олардың туыстарынан полиция қызметкері жолда адамдардың жарақат алуына жол бергені үшін кешірім сұрады. 

Сотқа дейінгі тергеумен ПД-ның анықтау басқармасы айналысып жатыр.