Қарағанды облысында терроризмді насихаттаған азамат тұтқындалды
4 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
фото: ҚР ҰҚК
Қарағанды облысында терроризмді насихаттаған азамат тұтқындалды, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның жәрдемдесуімен Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info
Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол жұмыс орны бойынша және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттауға күдіктелуде. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды, деп жазды дереккөз.
Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекс 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды