Қылмыстық топ құрған екі қазақстандық Түркияда ұсталды
4 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады, деп хабарлады Elorda.info
Қос күдікті 3 сәуірде Стамбул қаласынан Алматыға жеткізілді.
Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен Тергеу изоляторына қамалды,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Дереккөз берген мәлімет бойынша, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар