Көкшетауда жол ережесін 24 рет бұзған жүргізуші ұсталды
15 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Коллаж: Elordainfro.kz
Көкшетау облысы орталығындағы көшелердің бірінде тәртіп сақшылары Nissan Primera көлігін тоқтатты, деп хабарлайды Elorda.info.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жол ережесін 24 рет бұзып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлемегені анықталды. Автокөлік бірден айыппұл тұрағына қойылды.
Сонымен қатар Nissan Primera көлігінің 24 жастағы жүргізушісі 8 наурыздан 9-ына қараған түні Осипенко көшесінде жол апатына себепкер болған. Ол үш автокөлікті зақымдап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Айта кетейік, 13 наурыздан бастап Ақмола облысының аумағында «Борышкер» ЖПІШ өткізіліп жатыр. Аталмыш іс-шара 31 наурызға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды