Оралда 25 жыл бұрын болған екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс ашылды

Оралда 25 жыл бұрын болған екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс ашылды
Фото: видеодан скриншот/Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі прокуратурамен бірлесіп, 25 жыл бұрын Оралда болған екі адамның өліміне қатысты қылмыстық істі ашты, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталды.

Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында болған. Онда екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.

«Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды. Қылмыстық іс «Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі» бабы бойынша жүргізіліп жатыр. «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылауда», - дейді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.