«Ешкімді кінәламаймын»: Пойызда қайтыс болған баланың анасы мәлімдеме жасады
Марқұм жасөспірім Святослав Цаплиннің анасының оқиғаға қатысты видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлады Eorda.info.
7 тамыз күні №625 «Атырау-Астрахань» пойызында 2010 жылғы бала қайтыс болған еді.
Оқи отырыңыз: Лагерьге кетіп бара жатқан бала пойызда қайтыс болды
Ол бір топ қатарластары және 4 тәлімгермен бірге Атыраудан Ресейдің Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» санаториясына демалуға бара жатқан. Анасы Тамара Цаплинаның айтуынша, баласы бұрыннан науқас болған.
Святославтың анасы жасаған видео мәлімдемені әлеуметтік желі қолданушысы Сандуғаш Кукенова өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Мен пойызда қайтыс болған Святослав Цаплиннің анасымын. Адамдар оның тамақтан уланудан көз жұмғанын айтып жатыр. Олай емес. Оның бала күнінен сырқаты бар еді. Әрине, мұндай жағдай әркімнің басында болуы мүмкін. Моралдық қолдау үшін алғысымды айтамын. Көмек берген, қолдау көрсеткен адамдардың бәріне ризашылығымды білдіремін. Баламның өліміне ешкімді кінәламаймын. Бұндай жағдайда әрбір адамның басында болуы мүмкін, - дейді марқұм жеткіншектің анасы Тамара Цаплина.
Айта кетейік, сол кезде мәлімдеме жасаған Қазақстан темір жолы АҚ оқиғаны растаған болатын.
Олардың айуынша, пойыз жүрген соң 1,5 сағат өткенде бала өзін жайсыз сезінген. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Нарын станциясына жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері өкінішке қарай баланың қайтыс болғанын тіркеді. Сонымен қатар ұлттық компания демалуға бара жатқан балалар пойызда өздерімен бірге алып шыққан тамақтарын жегенін жазған.